Ақпараттық сауаттылық

Ақпараттық сауаттылық

Әлемдік жаңа технологияның қарқынды дамуына байланысты біздің өміріміз үлкен өзгеріс үстінде. Бұл өзгеріс білім беру саласына да оң әсерін беріп отыр. Бүгінгі күнде мұғалімге оқушы бойында XXI ғасырға сай дағдыларды қалыптастыруға, білім берудің жаңа әдістерін енгізуге, оқушылардың қызығушылығын арттыруға мүмкіндік беретін онлайн ресурстар мен оқыту құралдары жұмыс жасауда. Біздің «Ақпараттық сауаттылық» атты курс мұғалімдерге, әр мұғалімге қажетті, дүниежүзінің білім беру салаларында қолданылып келе жатқан негізгі компьютерлік дағдыны алдыңғы қатарлы озық технологиялар негізінде меңгеруге көмектеседі.

  1. «Ақпараттық сауаттылық» педагог кадрлардың біліктілігін арттыру курсының бағдарламасы (бұдан әрі - Бағдарлама) жалпы білім беретін мектептердің барлық пән мұғалімдеріне арналған.
  2. Бұл курс пәнді тиімді оқытудың құралдарын, бағалау, интерактивтік материалдарды құрастыру, заманауи технологияларды пайдалану арқылы оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін қолдануға бағытталған.
  3. Бағдарламаны іске асыру барысында оқытудың озық технологиялары пайдаланылады. Ақпараттық сауаттылық - қазіргі заман мектебіндегі оқытушыға ең қажетті дағдылардың бірі. Осы бағдарламаны меңгеру арқылы мұғалімдер сабақ оқытудың жаңа технологияларын, білімді тексеру, бағалау және интерактивтік сабақтар мен олардың тапсырмаларын құрастыруды жетік меңгере алады.

     Бағдарламаның мақсаты:

«Ақпаратты Қазақстан - 2020» бағдарламасы аясында, мұғалімдердің бүкіл әлемнің  білім беру жүйесінде қолданылатын ең озық технологияларды меңгере отырып, интернет-ресурстары  мен  АКТ-ны толық әрі сапалы қолдануына  жол ашу;

    Бағдарламаның міндеті:

  • Интернет-ресурстармен жұмыс істеудің негізгі принциптерін игеру;
  • Мектепте LMS (оқытуды электронды басқару) жүйесін оқыту және қолдануды үйрету;
  • Подкастинг мен видеокастинг негіздерін меңгеру;
  • Бұлтты сақтау қоймалармен және сервиспен жұмыс істеу дағдыларын меңгеру;
  • Онлайн-тестілеу және бағалау құралдарын игеру:
  • Тиімді таныстырылымдар (презентация) жасау дағдысын жетілдіру;