Баспасөз хабарламасы

Posted on Posted in posts

Ағымдағы жылдың 25 ақпанынан бастап ҚР Білім және ғылым министрлігі мен «USTAZ Professional Learning Centre» ЖШС арасында жасалған шарттың шеңберінде жұмыстан қол үзіп А1, А2, В1, В2 деңгейлері мен пәндік курсты игеру бойынша «Биология», «Химия», «Физика», «Информатика» пәндерінің мұғалімдеріне арналған «ХХІ ғасыр педагогы» деген біліктілікті арттыру курстары басталып кетті. Бұл курстардың мақсаты ағылшын тілін В2 деңгейіне дейін меңгеру дағдыларын қалыптастыру және өз пәнін ағылшын тілінде оқыту негіздерін үйрету болып табылады. Курстар «ХХІ ғасыр педагогы» деген авторлық білім беру бағдарламасы бойынша жүргізіледі.

«ХХІ ғасыр педагогы» білім беру бағдарламасы Қазақстан Республикасының үш тілді білім беру жүйесіне көшу шеңберінде жалпы білім беретін мектептердің «Биология», «Химия», «Физика», «Информатика» пәндері мұғалімдерінің біліктілігін арттыру курстарының білім беру процесін реттейді. Бұл бағдарлама ағылшын тілінде іске асырылады және тіл меңгеру деңгейін жетілдіру үшін және оқыту әдістемесін қолдану дағдыларын жақсарту үшін оқытудың біріктірілген тәсілін қамтамасыз етеді.

Курстар Қостанай, Павлодар, Өскемен, Қарағанды, Талдықорған, Тараз, Шымкент, Алматы, Семей, Кентау, Түркістан қалаларында өткізіледі.

Жұмыстан қол үзіп өткізілетін курстар сәйкесінше 780 академиялық сағаттан және Орындаушының есебінен күн сайын қосымша 2 сағаттық практикумнан тұрады, сондай-ақ ағылшын тілін оқытудың мынадай кезеңдерін қамтиды:

  • 1-кезең (ағылшын тілін А1 деңгейінде оқыту (144 сағаттан кем емес);
  • 2-кезең (ағылшын тілін А2 деңгейінде оқыту (144 сағаттан кем емес);
  • 3-кезең (ағылшын тілін В1 деңгейінде оқыту (200 сағаттан кем емес);
  • 4-кезең (пәндік курс (72 сағаттан кем емес);
  • 5-кезең (ағылшын тілін В2 деңгейінде оқыту (220 сағаттан кем емес).

Ағылшын тілін оқыту кезеңдері аудиториялық сағаттардан ғана тұрады және аптасына 5 рет, күніне 8 академиялық сағаттан өткізіледі. Оқыту жүргізілетін кезең Тыңдаушылар жұмыстан босатылады. Төртінші кезеңде курстар оқыту процесіне толықтай беріле отырып, аптасына 6 күн, күніне 6 академиялық сағаттан өткізілетін болады. Оқыту прогресін әділ бағалау үшін тыңдаушылар әрбір тілдік кезең аяқталғаннан кейін емтихандар тапсырады, оның нәтижелері бойынша тыңдаушылар CEFR (Common Europen Framework of Reference) шкаласы бойынша тіл игеру деңгейі көрсетілген халықаралық үлгідегі сертификаттар алады.

Пән (биология, химия, физика, информатика) мұғалімдері тілдік құзіреттілікті оқыту курсы аяқталғаннан кейін:

  • сабақты ағылшын тілінде жүргізу барысында CLIL әдісін меңгеріп қолданады;
  • коммуникативтік оқыту тәсілдерін түсінуді үйренеді, әдіскердің тілдік құзыреті артады;
  • сын тұрғысынан ойлау дағдыларын дамыту әдістері мен тәсілдерін қолдануды үйренеді;
  • оқытудың пәндік-тілдік элементтерін қолдана отырып сабақ өткізуді, сондай-ақ сабақты ағылшын тілінде жоспарлап, оқыту үрдісін ұйымдастыру үшін қосымша ресурстарды да сол тілде қолдануды үйренеді;
  • оқушылардың танымдық қызығушылығын арттыратын ақпараттық-коммуникациялық технологияларын қолдануды үйренеді.

Қосымша ақпарат алу үшін хабарласыңыз:

8 776 008-78-29, info@uplc.kz