Тәлімгерлік бойынша біліктілікті арттыру курстары

Posted on Posted in posts

ҚР Білім және ғылым министрлігі мен «USTAZ» кәсіби оқыту орталығы арасында жасалған келісімнің аясында 2019 жылғы қаңтар айының 10-нан бастап білім беру саласындағы ағылшын тілін меңгерген биология, химия, физика және информатика пәндерінің мұғалімдеріне арналған тәлімгерлік бойынша біліктілікті арттыру курстары жалғасуда.

Қазіргі кезде республиканың барлық аймағын қамтыған бұл курстарға 4500 астам тыңдаушы қатысып, тәлімгерлік бойынша біліктіліктерін арттыруда.

Курстың мақсаты: жан-жақты әдістемелік көмек көрсету арқылы педагог қызметкерлердің кәсіби құзыретін дамыту. Дәрістер тәлімгерлік бойынша біліктілікті арттыру курсының авторлық білім беру бағдарламасы бойынша өткізіледі.

Тәлімгерлік бойынша біліктілікті арттыру курсының бағдарламасы үш тілді білім беру моделіне көшуге, өз пәнін ағылшын тілінде оқыта білуге,  ағылшын тілін В1 және жоғары деңгейде меңгерген жаратылыстану-ғылыми бағыттағы мұғалімдерге бағытталған. Курстар 81 академиялық сағаттан және ағылшын тілін оқытудың 2 кезеңінен тұрады.  

3- кезең. Кезеңнің жалпы ұзақтығы Тыңдаушылармен практика бойынша 2018-2019 оқу жылының ІII-тоқсанының уақытында кемінде 16 академиялық сағатты және теория бойынша 2018-2019 оқу жылының ІII-тоқсанының уақытында және/немесе алдында топта өткізілетін кемінде 24 академиялық сағатты құрайды.

4- кезең. Кезеңнің жалпы ұзақтығы Тыңдаушылармен практика бойынша 2018-2019 оқу жылының ІV-тоқсанының уақытында кемінде 8 академиялық сағатты және теория бойынша 2018-2019 оқу жылының ІV-тоқсанының уақытында және/немесе алдында топта өткізілетін кемінде 33 академиялық сағатты құрайды.

Биология, химия, физика, информатика пәнінің мұғалімдері курс аяқталғаннан кейін өз пәнін ағылшын тілінде оқыту үшін қажетті коммуникативтік стратегияларды пайдалана алады; басқа әріптестерімен кәсіби байланыс жасай отырып, оқу процесін дамытуды және жақсартуды үйренеді, кәсіби тұрғыдан дамиды; өзге оқытушылардың сабақтарын бақылау, бағалау, түсіндіру және сынау арасындағы айырмашылықты көруге қабілетті болады; құзыреттілігін арттырады, оқытудың заманауи әдістері мен тәсілдерін толық игеріп танысады.