Үш тілді үйрену заман талабы

Posted on Posted in posts

2019 жылдың 10 сәуірінен бастап ҚР Білім және ғылым министрлігі мен «USTAZ Professional Learning Centre» ЖШС арасында жасалған шарттың шеңберінде жұмыстан қол үзіп А2 деңгейін игеру бойынша «Биология», «Химия», «Физика», «Информатика» пәндерінің мұғалімдеріне арналған «ХХІ ғасыр педагогы» деген біліктілікті арттыру курстары жүргізілуде.

Бұл курстардың мақсаты ағылшын тілін В2 деңгейіне дейін меңгеру дағдыларын қалыптастыру және өз пәнін ағылшын тілінде оқыту негіздерін үйрету болып табылады. Курстар «ХХІ ғасыр педагогы» деген авторлық білім беру бағдарламасы бойынша жүргізіледі.

«ХХІ ғасыр педагогы» білім беру бағдарламасы Қазақстан Республикасының үш тілді білім беру жүйесіне көшу шеңберінде жалпы білім беретін мектептердің «Биология», «Химия», «Физика», «Информатика» пәндері мұғалімдерінің біліктілігін арттыру курстарының білім беру процесін реттейді. Бұл бағдарлама ағылшын тілінде іске асырылады және тіл меңгеру деңгейін жетілдіру мен оқыту әдістемесін қолдану дағдыларын жақсарту үшін оқытудың біріктірілген тәсілін қамтамасыз етеді.

Бүгінгі таңда Қостанай, Павлодар, Өскемен, Қарағанды, Талдықорған, Тараз, Шымкент, Алматы, Семей, Кентау, Түркістан қалаларын қамтыған бұл курстарға 2458 тыңдаушы қатысып, біліктіліктерін арттыруда.

Ағылшын тілін оқыту кезеңдері аудиториялық сағаттардан ғана тұрады және аптасына 5 рет, күніне 8 академиялық сағаттан өткізіледі. Оқыту жүргізілетін кезеңде Тыңдаушылар жұмыстан босатылады. Төртінші кезеңде курстар оқыту процесіне толықтай беріле отырып, аптасына 6 күн, күніне 6 академиялық сағаттан өткізілетін болады. Оқыту прогресін әділ бағалау үшін тыңдаушылар әрбір тілдік кезең аяқталғаннан кейін емтихандар тапсырады.