PBL – Жоба негізінде білім алу

Posted on Posted in Барлық курстар, Курс

Мектепте білім беру жүйесі жаттандылық әдісі арқылы жүргізілдіктен, оқушы алған білімін өмірде қолдана алмайды. Нәтижесінде сыни тұрғыдан ойлау арқылы өмірлік проблемаларды түпкілікті шешу қабілеті толық дамымайды. Біздің курс мұғалімдерге шынайы өмірлік, оқушылардың 21 ғасыр талаптарына сай барлық қабілеттерін дамытатын “Жоба негізінде білім алу (PBL)” әдісін үйретеді.

  • «Жоба негізінде білім алу» педагог кадрлардың біліктілігін арттыру курсының бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама) жалпы білім беретін мектептердің барлық пән мұғалімдеріне арналған.
  • Осы Бағдарламада оқушылардың функционалдық сауаттылығын жетілдіру үшін мұғалімдердің шынайы өмірге негізделген жобалар тақырыптарын ойлап табу бағыт-бағдарын, осы жобаларды бағалаудың тиімді жақтарын және оны іске асыру жолдары қарастырылған.
  • Бағдарламаны жүзеге асыру барысында әлемдік озық оқыту технологиялары қолданылады. Жоба негізінде білім алу – заманауи педагогикалық шеберлік әдістерінің бірі. Бұл әдіс арқылы оқушыларға жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартын қолайлы меңгерте отырып, олардың құзыреттілігін дамыту мүмкіндігін практикада көрсете алады. Бағдарламаның мақсаты: Жалпы орта мектептердегі мұғалімдердің   шынайы өмірге негізделген тың жобаларды оңтайлы жоспарлап, тиімді жүзеге асыру қабілеттерін дамыту үшін қажетті ресурстар және идеялармен қамтамасыз ету.

    Бағдарламаның міндеті:

    • Шынайы өмірге негізделген жоба тақырыптарын айқындауға бағыттау;
    • Оқушы қызығушылығын ояту үшін бағыттаушы, ынталандырушы сұрақтардың маңыздылығын зерделеу;
    • Жобаны тиімді іске асыру үшін бағалау критерийлерін қарастыру;
    • Жобаны тиімді ұйымдастыру жолдарын меңгеру;