USTAZ Professional Learning Centre

Алғашқы онлайн сабаққа қалай дайындалу керек?

Біз өз тәжірибемізге сүйене отырып, сіздің онлайн сабағыңызды ойдағыдай өткізуге кеңестер тізімін ұсынамыз:

✅ Сабақ болатын уақытты оқушыларға/ата-аналарға кем дегенде бір күн бұрын және бір сағат қалғанда ескертіңіз;

✅ Айтатын сөзіңізді жоспарлап, дайындалып алыңыз. Сабақтың қысқаша ретін немесе тірек сызбасын жазып қойыңыз;

✅ Ең тыныш жерге орналасыңыз. Артық шу өзіңізді де, оқушыларыңызды да алаңдатуы мүмкін;

✅ Онлайнға жарты сағат бұрын қосылып, интернет жылдамдығын және басқа құрылғылардың (микрафон даусы, ноутбук қуатын — бірден тоққа қосып қойған жөн, планшет немесе интерактивті тақта) қосылуын тексеріңіз, камераның бетін сүртіп алыңыз;

✅ Сабақ басталғанда видеосабақ ережесін тыңдаушылармен келісіп алыңыз (мысалы: лекция барысында қатысушылар микрофонын өшіру, сұрақтарды жазбаша чатқа жазу және т.б.)

✅ Отырған бөлмеңіздің есігіне «сабақ барысында мазаламауыңызды өтінемін» деген жазу іліп қойыңыз;

✅ Веб-камераның түсіру аумағын мұқият қараңыз. Видеоға киім-кешек, басқа адам және артық заттардың ілігіп қалмайтынына көз жеткізу керек;

✅ Арқаңызды қабырға жаққа қаратып, алдыңыздан жарық түсетіндей отырған дұрыс. Егер кешкі уақытта шықсаңыз, үстел шамын қосу артық болмайды;

✅ Онлайн сабақтағы ең басты қаруыңыз — дауыс. Дауысты келтіру үшін арнайы жаттығулар жасап көрсеңіз болады.

✅ Smart casual стиліндегі киім кәсібилігіңізді айқындап, жұмыс бабына үйлесімді келеді;

✅ Әрдайым Б жоспары дайын болсын. Бағдарламаларда ақау бола қалса, компьютердің бастапқы экранына қажетті материалдар мен құжаттарды көшіріп қоя салыңыз;

✅ Онлайн тренингте көп спикерлер тыңдаушыны тақырыпқа тартуды, қатыстыруды ұмыт қалдырады. Экран жиегіне өзіңізге ескертпе-стикер жабыстырып қойсаңыз болады.

✅ Тыңдаушыларға жекелей сұрақ қойып, кейде жай ғана чатқа «+» белгісін жіберуін сұраңыз;

✅ Сабақтың жазбасын міндетті түрде сақтап қойыңыз. Материал оқушыларға кез-келген уақытта қолжетімді болғаны дұрыс. Мұны YouTube, Google Диск, Telegram және басқа да сақтау қорларында ұйымдастыруға болады.

Достармен бөлісу
Поделиться в telegram
Поделиться в facebook
Поделиться в whatsapp
Поделиться в twitter
Поделиться в vk

Оставьте комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *